Қызылорда облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

    prokuratura-kyzylorda·
    Қызылорда облысы прокурорының орынбасары тағайындалды


    Бас Прокурордың бұйрығымен Қызылорда облысы прокурорының орынбасары лауазымына Ақылбек Құдірет тағайындалды.

    Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

    Одан әрі Алматы қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, аға прокуроры, Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім бастығы, Жетісу ауданы прокурорының орынбасары, Астана қаласының авиациялық көлік прокуроры, 2023 жылдың мамыр айынан бастап Астана қаласы Нұра ауданының прокуроры қызметін атқарған.
    «Аға әділет кеңесшісі» сыныптық шенінде.
    Отбасылы.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.