
Жанама қазақ орта мектебінде «Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның негізі» тақырыбында және мемлекеттік қызмет алу тәртібі бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының ел тәуелсіздігін нығайтудағы маңызы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және патриоттық құндылықтарды дәріптеу бағытында пікір алмасу өтті.
Сондай-ақ, жиналған тұрғындарға мемлекеттік қызмет алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу жолдары, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, өтініш беру кезеңдері және қызмет көрсету мерзімдері жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталды.



