
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 13 желтоқсан бұйрығымен бекітілген «2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарынының 30 тармағына сәйкес Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсетті.
Қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу, eGov порталы арқылы анықтамалар рәсімдеу, ЭЦҚ ашу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.



