Инспекциялар су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, су пайдаланудың есебін жүргізеді, арнайы су пайдалануға рұқсаттар береді, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс жүргізу және өзге де қызмет түрлерін келіседі. Сонымен қатар заңсыз су пайдалану деректерін анықтап, олардың жолын кесумен айналысады.
Сұрақтарыңыз, шағымдарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, көрсетілген байланыс деректері арқылы өз өңіріңіздегі инспекция басшысына тікелей хабарласа аласыз.



