Жамбыл облысы прокурорларының араласуынан кейін жалақы бойынша берешек өтелді

    prokuratura-zhambyl·

    Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

    «Байзақ су» ШЖҚ МКК-ның қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлау нәтижесінде ағымдағы жылдың ақпан айында 15,3 млн теңгеге 90 жұмысшылардың алдында берешек пайда болғаны анықталды.

    Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Осылайша, Байзақ ауданының прокуратурасымен жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.

    Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда.

    Жамбыл облысының прокуратурасы

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.