
«Таза аула – жайлы өмір» үздік үй маңындағы аумақ
байқауынөткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
«Таза аула-жайлы өмір» байқауы Қостанай ауданы тұрғындары арасында аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру, жайлылық деңгейін арттыру және тұрғындарды өз аулаларын дамытуға тарту мақсатында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы Қостанай ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ.
- Байқаудың мақсаты
Аула аумақтарын абаттандыруға ұқыпты әрі шығармашылық көзқарасты насихаттау, тұрғындардың көгалдандыру, жақсарту және аула кеңістіктерін күтіп ұстау жөніндегі бастамаларын қолдау. Байқау өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз және эстетикалық тартымды орта қалыптастыруға, тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және тұрғындардың қоршаған аумақтың жай-күйіне жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
- Байқауға қатысушылар
Өз күштерімен жайлы, абаттандырылған және тартымды аула аумақтарын қалыптастырып жүрген белсенді әрі жанашыр тұрғындар. Егер сіздің аулаңыз қоршаған ортаға ұқыпты қараудың, шығармашылық көзқарастың және тұрғындардың бірлескен еңбегінің үлгісі болса, сізді байқауға қатысуға және еңбегіңіздің нәтижелерімен бөлісуге шақырамыз.
- Өткізу мерзімдері
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау конкурстық комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін өткізіледі.
- Бағалау критерийлері
- Үйдің және аула аумағының жалпы сыртқы келбеті (күтіп ұсталуы, тазалығы, көрнекі тұтастығы);
- Безендірілуі (бірегейлігі, ландшафтық дизайн, көгалдандыру, сәндік элементтердің болуы);
- Функционалдылығы мен ұтымдылығы (кеңістікті сауатты пайдалану);
- Аула аумағын безендірудегі эстетика мен креативтілік (ерекше шешімдер, апсайклингті пайдалану, қол еңбегі, авторлық идеялар).
- Қатысу тәртібі
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылуы қажет:
- қатысуға өтінім;
- аула аумағының кемінде 5 сапалы фотосуреті;
- ұзақтығы 3 минутқа дейінгі сапалы бейнеролик, онда аула аумағы, жүргізілген абаттандыру жұмыстары, көгалдандыру элементтері, демалыс аймақтары, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ тұрғындардың тәртіпті қалыптастыру мен сақтауға қатысуы көрсетілуі тиіс.
Бейнероликке қойылатын талаптар:
- түсірілімнің көлденең форматы;
- бейне мен дыбыстың жоғары сапасы;
- аумақтың нақты жағдайын бұрмалайтын монтаждың болмауы;
- жүргізілген жұмыстардың қысқаша сипаттамасы бар кадр сыртындағы түсіндірме немесе титрларды пайдалануға рұқсат етіледі.
Ұсынылған фото және бейнематериалдар өтінім берілген кездегі аула аумағының нақты жағдайын көрсетуі тиіс.
Өтінімдер 2026 жылғы 10 шілдеге дейін [email protected] электрондық поштасына қабылданады.
- Қорытынды шығару және марапаттау
Байқау материалдарын бағалауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар ұсынылған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде байқауды жариялау мақсатында пайдалануға құқылы.



