09.06.2026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаментінде, қызметкерлердің тілдік дағдыларын жетілдіру және еркін қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында, Speaking Club форматындағы кездесу өткізілді.
Іс-шараны департамент басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі М.М. Кайруллаев жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.



