«Нелегал» ЖПІШ: ШҚО-да көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

    mvd-vko·
    «Нелегал» ЖПІШ: ШҚО-да көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

    «Нелегал» ЖПІШ: ШҚО-да көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді

    Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Операцияның негізгі мақсаты — шетел азаматтарының ел аумағында болу қағидаларын бұзу деректерін анықтау және заңсыз еңбек қызметінің жолын кесу. Іс-шараның алғашқы тәулігінде-ақ ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері 50-ден астам шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Мәселен, Үлкен Нарын ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 8 шетел азаматы анықталды. Тексеру кезінде олардың екеуі бұған дейін де полиция назарына іліккені белгілі болды.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған азаматтарға Қазақстан Республикасына 5 жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар, шетелдік жұмысшыларды заңсыз жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне айыппұл төлеуге міндеттелді.

    — Уақытша болатын шетел азаматтарының тиісті рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысуына қатаң тыйым салынады. Жұмыс берушілерді қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде жауапкершілік танытып, көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, — деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

    ШҚО Полиция департаменті жауапкершілік тек шетел азаматтарына ғана емес, оларға жұмыс ұсынған тұлғаларға да қарастырылғанын еске салады. Заңбұзушылықтарды анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар облыс аумағында жалғасуда.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.