Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

    Қазақстандық оқушылар әл-Хорезми халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

    Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы (KhMIO) өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар қатысып, теориялық және практикалық тапсырмалар бойынша бақ сынады.

    Халықаралық олимпиаданың басты мақсаты – математика мен информатика салаларындағы талантты жастарды анықтап, олардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін дамыту.

    Қазақстан құрамасында білімін көрсеткен сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанып, ел қоржынына төрт алтын, үш күміс және бір қола медаль салды. Осылайша ұлттық құрама 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.

    Алтын медаль иегерлері:
    Бердімұрат Ахмет – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

    Жанделдинов Бексұлтан – Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

    Мұхитұлы Алдияр – Алматы қаласындағы NIS-тің 9-сынып оқушысы;

    Еламан Әлішер – Алматы қаласындағы РФММ-нің 8-сынып оқушысы.

    Күміс медаль иегерлері:
    Белгімбаев Әмір – Алматы қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы;

    Ермұханов Ислам – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

    Жангелді Санжар – Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

    Қола медальді Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ғаллам Әлішер жеңіп алды.

    Ұлттық құраманың жетекшілері – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Асхат Әбдікулов және IITU сеньор-лекторы Айбар Қуанышбай.

    Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі еліміздің халықаралық білім олимпиадаларындағы жоғары нәтижелерін жалғастырып, жас таланттардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.