
Профилактика күні аясында 2026 жылғы 7 маусымда Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақсу шағын ауданында орналасқан «МирЗиба» сауда үйінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтардың интернет-алаяқтық туралы ақпараттылығын арттыру және киберқылмыстардың алдын алу.
Кездесу барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы жан-жақты түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді, банк карталарының мәліметтерін және SMS арқылы келетін кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ полицейлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін айтып, азаматтарды сақ болуға шақырды. Тұрғындарға интернет арқылы тауар сатып алу немесе қаржылық операциялар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кеңестер берілді.
Кездесу соңында тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DZSgXl7te7g/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



