
Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Күшейтілген қызмет атқару барысында полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізуде.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударуда.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға және өзара сыйластық танытуға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DZQYfT7N-3C/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==



