ШҚО-да сәндік конструкцияны бүлдірген елордалық тұрғын жауапқа тартылды

    mvd-vko·
    ШҚО-да сәндік конструкцияны бүлдірген елордалық тұрғын жауапқа тартылды

    ШҚО-да сәндік конструкцияны бүлдірген елордалық тұрғын жауапқа тартылды

    Өскемен қаласының полиция қызметкерлері «Чечек» демалыс аймағындағы қалалық мүліктің бүліну дерегін анықтады. Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    Облыс орталығына қонаққа келген елорданың 20 жастағы тұрғыны демалыс аймағында ерекше суретке түспек болған. Ол үшін «CHECHEK» сәндік жазуына шығып, салдарынан конструкцияны бүлдірген.

    Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және "Ұсақ бұзақылық" баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды.

    Құқық бұзушының жауапкершілік мәселесін қарастыру аясында ол 24 сағатқа әкімшілік қамауға алынды.

    Одан әрі процессуаллық шешім қабылдау үшін материалдар Өскемен қалалық сотына жолданды.

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарға абаттандыру нысандары мен қоғамдық мүлікті ұқыпты пайдалану қажеттігін еске салады, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейтінін қатаң ескертеді.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.