В области Жетісу проведён семинар-совещание по расследованию преступлений, связанных с криптовалютами и цифровыми активами

    В области Жетісу проведён семинар-совещание по расследованию преступлений, связанных с криптовалютами и цифровыми активами

    Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері үшін криптовалюталарды, цифрлық активтерді, блокчейн технологияларын және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау, ашу және тергеу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Заң департаменті құқықтық және нормашығармашылық үйлестіру басқармасының бастығы Тажин Т., ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментінің криминалисі Радищев Д.А. және «Cryptoforensiclab» ЖШС басшысы Карашев Д.Д. қатысты.

    Семинар барысында қызметкерлерге криптоактивтерге қатысты құқық бұзушылықтарды құжаттау тәртібі, тәркілеуге жататын криптоактивтерді алу ерекшеліктері, сондай-ақ актив түрі мен пайдаланылатын криптожеліге байланысты ІІМ қызметтік криптоәмиянының сыртқы мекенжайларын алу қағидалары түсіндірілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға блокчейн технологиясының жұмыс істеу тетіктері, криптобиржалардың қызметі және цифрлық активтер саласындағы қылмыстарды тергеудің заманауи тәсілдері жан-жақты түсіндірілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.