
2026 жылғы 5 маусымда бекітілген кестеге сәйкес №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі куәландыру мақсатында көшпелі отырыс өткізу үшін Шарбақты ауданына барды . Сондай -ақ, №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы А. Ж. Мамырханова Шарбақты ауруханасының дәрігерлерімен 5 дәрігер санында құжаттармен жұмыс, МӘС -ке жіберу кезіндегі қателіктер, мүгедектікті мерзімсіз тағайындауды белгілеу қағидалары, №288 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында семинар кеңес өткізді.



