«Заң мен тәртіп» веб-сериалы: құқықтық сауаттылыққа жаңа қадам

    kostanai-bilim·

    «Заң мен тәртіп» веб-сериалы: құқықтық сауаттылыққа жаңа қадам

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы 2026 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Заң мен Smart ұрпақ» жобасын жүзеге асыруда (жеткізуші – «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры).

    Жобаның мақсаты – Қостанай облысының балалары мен жасөспірімдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және smart-құзыреттерін дамытуға бағытталған балаларға арналған құқықтық интернет-контент әзірлеу және тарату.

    Жоба аясында әрқайсысының ұзақтығы 3 минутқа дейінгі 10 бөлімнен тұратын «Заң мен тәртіп» веб-сериалы түсірілді. Веб-сериал 24 мамырдан бастап @smart_urpaq_kst Instagram парақшасында жариялануда.

    Бүгінгі күні жасөспірімдер үшін өзекті жауапкершілік, құқықтық мәдениет және қауіпсіз мінез-құлық мәселелерін қамтитын 3 бөлім жарық көрді.

    @smart_urpaq_kst парақшасына жазылып, жаңа бөлімдерді тамашалаңыздар, достарыңызбен бөлісіңіздер және маңызды құқықтық білімдерден хабардар болыңыздар!

    https://drive.google.com/drive/folders/1WjEc7kLHrn9KV0WxnSuj02VZxZsV14Bn?usp=sharing

    #ЗаңменТәртіп #ЗакониПорядок #АдалАзамат #kost_bilim

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.