
2026 жылдың 5 маусымында Жезқазған қаласында Ұлытау облысының қалалары мен аудандары мәслихаттарының депутаттары, аппарат қызметкерлері және қоғамдық кеңес мүшелері арасында ІV облыстық спартакиада өтті.
Спартакиадаға Ұлытау облыстық мәслихатының Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының командалары қатысты.
Жарыс барысында қатысушылар: волейбол, жүзу, арқан тартыс, кір тасын көтеру, үстел теннисі, дартс,қол күресі,жеңіл атлетика спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Аталған спартакиаданың басты мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау



