«CADskills-2026» жолдастық чемпионат

    🔹1-3 маусым аралығында «С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК базасында цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып жатқан «CADskills-2026» жолдастық чемпионатының ашылу салтанатына Атырау облысы Әділет департаментінің өкілдері қатысты.
    «CADskills -2026» чемпионаты - білімді қатысушы-студенттерді, тәуелсіз халықаралық сарапшы, жұмыс берушілердің өкілдерін біріктіруге бағытталған ірі кәсіби алаң.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлау сапасын арттыру, CADskills жолдастық чемпионатының имиджін қалыптастыру, жастар арасында беделін арттыру, өңірдегі эксперттер мен кәсіпорын өкілдері арасындағы диалогты нығайту.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.