Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

    enbek-uko·
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
    💫 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
    Іс-шара барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Оспанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, қаржылық бақылау талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау мәселелеріне тоқталды.
    Сонымен қатар мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет түрлері, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруына жол бермеу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде шоттар ашуға және иеленуге қатысты заңнамалық талаптар түсіндірілді.
    Кездесу барысында мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өкілеттіктері және құқық бұзушылықтардың салдарларын жою мәселелері де кеңінен талқыланды.
    Мұндай түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.