Безгектен қалай қорғануға болады

    departament-kkbtu-karaganda·
    Безгектен қалай қорғануға болады

    Безгек ( Маlаrіа) — паразиттік ауру, ол науқас адамнан дені сау адамға маса шағуы арқылы беріледі. Тұрғындардың жаппай көші-қоны және безгек кең тараған елдерден жұқпаны енгізу оның тасымалдануына қолайлы жағдайлары бар жерлерде безгек ошақтарының туындауына әкелуі мүмкін.

    Безгектің таралуының алдын алу айтарлықтай деңгейде тұрғындардың өздерімен, олардың медициналық қызметшілерге берген көмегімен тікелей байланысты.

    Науқас қанын зертханада микроскоп астында зерттеу жүргізу ғана диагнозды нақты анықтауға мүмкіндік береді. Тропикалық және субтропикалық елдерге барған азаматтар соңғы екі жыл ішінде қандай елдерге барғандарын және қандай дәрі-дәрмек қабылдағандарын дәрігерге міндетті түрде айтулары тиіс.

    Безгек ауруы өте ауыр өтеді, егер де ем-шара дұрыс емес немесе уақтылы қабылданбаса: қаназдық пайда болып, ішкі орган қызметі бұзылады, адам еңбекке жарамсыз болады. Емдеу шаралары уақытынан бұрын аяқталса, ауру қайта туындайды, ал науқас қоршаған орта үшін жұқпа көзі болып қала береді. Тропикалық безгек түрінде ауру ыстық елдерде болғанда адам қайтыс болуы да мүмкін. Безгекпен ауыратын науқас дәрігер тағайындамасын нақты орындауы тиіс, осы жағдайда ғана ем тиімді болады.

    БЕЗГЕКПЕН НАУҚАСТЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ҒАНА НАУҚАСТЫҢ САУЫҒУЫНА ӘКЕЛЕДІ!

    Безгек тасымалдаушылардың өсіп-өнуі су ағыны баяу су қоймаларында, арықтарда, батпақты жерлерде, өзендердің ескі арналарында өтеді. Тұрғын жайларға масалардың кіруін ескерту үшін есіктер мен терезелер ұсақ торлы сеткамен, дәкемен жабылуы тиіс. Үй-жайларда масалар табылған жағдайда оларды инсектицидті аэрозольмен немесе инсектицидті дәрісі бар электрлі буландырғышпен, ыдысқа құйылған сұйықтықпен жою қажет. Ұйықтағанда масалар шағуынан қорғану үшін инсектицид сіңдірілген, жабындыны қолданған абзал.

    ӨЗІҢІЗДІ МАСАНЫҢ ШАҒУЫНАН ҚОРҒАҒАН ЖАҒДАЙДА СІЗ ЖҰҚПА ОШАҒЫНДА БОЛҒАН КЕЗДЕ БЕЗГЕКТІ ЖҰҚТЫРМАЙСЫЗ!

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.