
22 мамырда отырыстың онлайн-көрсетілімі қашықтық форматта Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.
Күн тәртібі аясында депутаттар әлеуметтік салаға, денсаулық сақтауға, тұрғын үй құрылысына және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты мәселелерді қарады. Атап айтқанда, мәслихаттың бірқатар қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер енгізілді, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың жаңартылған құрамы бекітілді.
Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және шешімдер жобаларын әзірлеушілер қатысты. Барлық материалдар толық танысу үшін депутаттық корпусқа алдын ала жіберілді.
Қарастыру қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.







