«Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында әдістемелік-практикалық семинар өтті».

    abay-beskaragay·
    «Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында әдістемелік-практикалық семинар өтті».

    2026 жылғы 4-5 маусым күндері кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасының әдіскері О.А.Қабдоллаевна, оқу залы бөлімінің жетекшісі А.Р.Хажиахметқызы, кітапхана мамандары А.Берікқожанова, Л.Ивльева Бесқарағай аудандық орталық кітапханасында әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша семинар өткізді. Мамандар инвентарлық кітаптарды қалпына келтіру, каталогтарды жетілдіру, оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырды, сондай-ақ компьютерлермен және ИРБИС бағдарламасымен жұмыс істеу мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетті.

    Семинар барысында кітапханашылар кітапхана ақпаратын есепке алу, жүйелеу және өңдеу үшін қажетті Excel бағдарламасының негізгі құралдарын игерді және кәсіби міндеттерді шешуде практикалық көмек алды.

    Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.