Фес әлемдік қасиетті музыка фестивалі төрт құрлықтан 160 астам музыканттар мен орындаушыларды жинады

    mfa-rabat·
    2026 жылғы 4-7 маусымы аралығында өткен 29-шы Фес әлемдік қасиетті музыка фестиваліне 14 елден келген әртістер қатысты. Фестивальді ұйымдастырушы «Фес рухы» қоры биылғы ісшараның тақырыбын дәстүрлі қолөнерге арнады: «Фес: қолөнер мен мұраның қамқоршылары», Германия биылғы жылы құрметті қонақ ретінде қатысты.
    Фестивальдің ашылу рәсімін Марокконың Туризм, қолөнер және әлеуметтік-экономикалық істер министрі Фатеме-Захра Аммор мен Жастар, мәдениет және коммуникация министрі Мохамед Мехди Бенсаид ашты. Салтанатты ашылу рәсіміндегі гала-концертті Қазақстанның «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің финалды аккордымен аяқталды.
    «Құлансаз» ансамблі екінші күні берген концерті Фес қаласының тұрғындары мен қонақтарын таң қалдырып, қазақ тарихы тереңде, өнері өрде екені даусыз болып тұрғанын көрсетті.
    2001 жылы БҰҰ өркениеттер диалогына ерекше үлес қосатын маңызды оқиғалардың бірі ретінде таныған Фес фестиваль естеліктері мен мұрасы, білімі және қолөнері сақталған Фес қаласына арналады.
    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.