АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен қоғамдық кеңес отырысы болып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
- «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімінің шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы А.Жусупова.
- «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.
- Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан шешімдер қабылданды.
Кеңес отырысында «Сайлау учаскелерін құру туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 25 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімінің шешім жобасы мен «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №352 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы мақұлданып, келісім берілді.
Осымен қатар Қармақшы ауданы әкімі Ж.Еркінбектің ұсынысына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Сыдықов Шыңғыс Әбділәмитұлы Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелігінен босатылып, Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне аудан әкімінің орынбасары Молдабаев Диас Асылбекұлы қабылданды.
Сол сияқты аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Е.Аблакиев басқа жаққа қоныс аударуына байланысты өз өтінішіне сәйкес Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес мүшелігінен босатылды.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ



