
Тамақтан улану жылдың кез келген уақытында болатын жағдай. Уланудың негізгі себебі – азық-түліктің жарамдылық мерзімін және дайындалған тағамды сақтау шарттарын сақтамау. Балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, ірімшіктің жұмсақ сорттары, ақуыз кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан кейін немесе тоңазытқышта 2 күннен артық уақыт тұрса, ішінде бүлініп, ауыр улануға себеп болуы мүмкін. Тамақтан улануды тудыратын бактериялардың алты түрі бар: ішек таяқшасы (шикі сүт және толық пісірілмеген ет); моноцитогенді листериялар (шикі жемістер, құс еті, жұмсақ және қатты ірімшіктер); ботулизм (нашар өңделген консервіленген көкөністер мен ет); патогендік клостридиялар (60 градустан төмен температурада дайындалған ет немесе балықта пайда болады); сальмонеллалар (жұмыртқа, пастерленбеген сүт); стафилококк (тамақ дайындау кезінде жеке гигиена сақталмаған кезде пайда болады). Алдын алу шарасы: үйде дайындалған тағамдарды сатып алмаңыз, белгіленбеген жерлерде сатылатын дайын тағамдарды пайдаланбаңыз; кілегей немесе майонез қосылған дайын тағамдарды, салаттарды бір тәуліктен артық сақтауға болмайды; туралған, бірақ майонез немесе тұздықпен араластырылмаған салаттарды 2 күн сақтауға болады; торттар мен пирожныйлар тоңазытқышта 3 күннен артық сақталмайды; үйде мерекелік тағамдарды дайындаған кезде, ең алдымен, гигиена ережелерін сақтаңыз, бөлменің тазалығын қадағалаңыз; тамақ дайындау кезінде қолыңызды жиі жуыңыз, қажет болған жағдайда ас үй жабдықтарының бетін сүртіңіз; азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аударыңыз, шикі және дайын өнімді тоңазытқыштың бір сөресінде сақтамаңыз; егер сіз бірден мерекелік тағамдарды дайындағыңыз келмесе, шикі етті мұздатқышта сақтаған дұрыс; сонымен қатар, температураны дұрыс сақтау және етті, жұмыртқаны, мерекелік тағамдарға арналған басқа ингредиенттерді қуыру, қайнату кезінде пісіру үшін қажетті уақытты сақтау өте маңызды;



