
«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының №1 индустриялық паркінде орналасқан «Маргметалл» ЖШС инвестициялық жобасының қызметімен таныстық.
Жоба 2026 жылғы 18 мамырда пайдалануға берілген. Жалпы аумағы 3 000 шаршы метрді құрайтын заманауи өндірістік-логистикалық кешен іске қосылған.
Кәсіпорында ПВХ және алюминий терезелерін өндіру желісі дайын. Жобаны іске асыру құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамытуға және жергілікті өндірушілердің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді.



