Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

    Атырау облысының әкімдігі·
    Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды

    Атырау облысы әкімдігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиынға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ербол Жұмабай төрағалық етті.

    Кеңеске облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктерінің заңгерлері қатысты. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Августина Мұратова мен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Фарида Ахметова болды.

    Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі мен әдістемелік ұсынымдар түсіндірілді. Қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты аясындағы жоспардың орындалуы, сондай-ақ мәліметтерді «Битрикс» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізу тәртібі таныстырылды.

    Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға талдау жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру кезінде формализмге жол бермеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.