
🏆🏆🏆 2026 жылғы 29 мамырда Шымкент қаласында оңтүстік өңірлердің мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында Республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті;
🔹 Республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі спорттың бес түрінен (кіші футбол, волейбол, шахмат, үстөл теннис және кибер спорт) өтті. Спорттық іс – шараларға: Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Түркістан облысы бойынша МКД, Жамбыл облысы бойынша МКД және Шымкент қаласы бойынша МКД командалары қатысты.
🔹 Жамбыл облысы бойынша МКД қызметкерлері, үстөл теннис және волейбол жарыстарынан үшінші орынға қол жеткізді.
🔹 Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және командалық рухты нығайту.
Жамбыл облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы



