2026 жылғы 8 маусымда Қостанай аудандық мәслихатында әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 8 маусымда Қостанай аудандық мәслихатында әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 8 маусымда Қостанай аудандық мәслихатында әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті, оған аудандық мәслихаттың төрағасы М.К. Сартов, ауданның Қоғамдық кеңестің төрағасы С.И. Байманов қатысты.

    «Балаларға арналған жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы туралы» күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Қостанай ауданының білім бөлімінің басшысы М.Б. Кокишева сөз сөйледі.

    Қостанай ауданының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы «Қостанай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы М.М. Рыщанов баяндады.

    Комиссия мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, оларға түсініктемелермен жауаптар берілді.

    Сондай-ақ, комиссия мүшелері Қостанай ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамдарына енгізілген өзгерістерді қарады.

    Жоспарлы мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының тиісті қаулылары қабылданды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.