Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы

    atyrau-inspekciya·
    Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы

    2026 жылғы 04 маусымда Атырау облысы әкіміні С.Ж.Шапкеновтің төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

    Отырысқа, комиссия мүшелері және облысымыздағы ірі кәсіпорын басшылары (ТШО, NCOC, Ембімұнайгаз, АМӨЗ, Денхолм Жолдас, КСG және т.б.) қатысты.

    Күн тәртібінде облыстағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы И.Әубәкіров облыс аумағында шиеленіс картасы, еңбек жанжалдарының туындау қауіпі жоғары кәсіпорындар бойынша, оның ішінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жазатайым оқиғалар, әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуі, мұнай-газ саласында ұжымдық шарттардың жасақталуы туралы баяндама жасады.

    Комиссия отырысында, Теңіз кен орнындағы еңбек қатынастарының жағдайы, «Ескене» жобасындағы «Kazakh Construction Group» ЖШС-нің мердігер, қосалқы мердігер компаниялармен жұмысшылардың жалақыларын уақытылы төленуі, Карабатан аумағындағы NCOC филиалының мұнай-өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмыстары бойынша туындаған мәселелер және басқада еңбек қатынастары бойынша туындаған мәселелер талқыланып, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.