
10 маусымда облыстағы жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады.
– Аталған қызметті ата-аналар OQU Ұлттық Білім беру платформасында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесеwww.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады. Осылайша, ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке, онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады, - деп хабарлады ШҚО Білім басқармасының өкілдері.
Өтінім беру үшін сайтқа кіру қажет. Өтінішті ата-ана немесе заңды өкілдер толтырып, сканерленген құжаттарды тіркейді.



