Қазақстан делегациясы Ригада ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысына қатысты

    mfa-riga·
    Қазақстан делегациясы Ригада ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысына қатысты

    2026 жылғы 6 маусым, Рига – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл бастаған Қазақстан делегациясы 2026 жылғы 5-7 маусым аралығында Ригада өткен Еуропалық қайта құру және даму банкінің ( ЕҚДБ) Басқарушылар кеңесінің 35-ші жылдық отырысы мен Бизнес-форумына қатысты.

    Іс-шара аясындағы негізгі оқиғалардың бірі Қазақстанға арналған «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» сессиясы болды. Осы тақырыпта Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейл, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндама жасады. Олар мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары мен шетелдік инвестицияларды тартудың институционалдық жағдайларын егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін цифрландырудың жоғары деңгейі мен адами капитал сапасына, елдің жаңа экономикалық өсу «нүктелеріне» тоқталды.

    Делегацияның Ригадағы іс-шараларға қатысуының практикалық нәтижесі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісімнің ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ-ның Техникалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысты Техникалық ынтымақтастық шоты туралы қосымша келісіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Серіктестіктің негіздемелік келісіміне қол қою болды.

    Өткен кездесулер мен баяндамалар Қазақстанның ЕҚДБ-нің сенімді серіктесі ретіндегі мәртебесін растауға арналған және ол елдің экономикасына инвестиция тартуға ықпал етпек.

    Іс-шараға 77 елден Банк жүйесінде жұмыс істейтін 2000-нан астам қатысты, оның ішінде мемлекет және үкімет басшылары, орталық банк басшылары, қаржы министрлері, халықаралық бизнес және азаматтық қоғам өкілдері болды.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.