
2026 жылғы 4 маусымда Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Григорьев ауылдық округіне қарасты Трудовое ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алдағы жоспарлар таныстырылды.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер алды. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды.



