ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!

    atyrau-revkom·
    ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!

    2026 жылдың 29 мамырда Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының (бұдан әрі-Тексеру комиссиясы) ұйымдастыруымен Атырау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

    Дөңгелек үстелге Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары, Тексеру комиссиясының аппарат басшысы мен мемлекеттік аудиторлары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері қатысты.

    Күн тәртібіне сәйкес, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында анықталған жүйелі бұзушылықтар туралы», ал Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының бөлім басшысы «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптары туралы» баяндама жасады.

    Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.