Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 48 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және пациенттердің медициналық құжаттамасын электрондық форматта жүргізу талаптарын іске асыру мақсатында, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап медициналық ақпараттық жүйенің (МАЖ) болуы меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау субъектілері үшін медициналық қызметке лицензия алу және оны жүзеге асыру кезінде міндетті біліктілік талабы болып табылатынын хабарлайды.



