Риддер қаласының 240 жылдығын тойлау

    riddermaslikhat·
    Риддер қаласының 240 жылдығын тойлау

    Қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосқан мерекелік іс-шаралар екі күн бойы — 2026 жылдың 5 және 6 маусымында өтті.

    Мерейтойлық іс-шаралар Мәдениет сарайында басталып, онда «Риддер тарихи аспектіде» атты республикалық конференция ұйымдастырылды. Тарихшылар мен сарапшылар өңірдің бай мұрасы мен оның даму перспективаларын талқылады.

    Екінші күні 94-ші орамда (кварталда) «Ата-Мұра Ойындары» ІІ қалалық ұлттық ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Мереке қонақтары спорттың сегіз түрінен өткен жарыстарды тамашалап, түрлі түсті жәрмеңке қатарларын аралады. Әуе шары мерекенің сәніне айналды: кез келген адам онымен көкке көтеріліп, айналадағы табиғаттың сұлулығын тамашалай алды.

    Кешкісін қалалық алаңда ресми бөлімнен басталған гала-концерт өтті. Тұрғындарды құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ш.С. Бұқтұғұтов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов арнайы келді. Қала әкімі Д.Е. Рахметқалиев өзінің құттықтау сөзінде Риддер мен оның тұрғындарының жетістіктерін атап өтіп, қалалық мәслихаттың «И.И. Панченкоға Риддер қаласының Құрметті азаматы атағын беру туралы» шешімін жариялады. Сахнада BAYANSULU, Анар Батырхан және KILIMANJARO SHOW тобы және басқа да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Думан Рахметкалиев (@duman_rahmetkaliev_)

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Думан Рахметкалиев (@duman_rahmetkaliev_)




    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.