Тамақтан уланудың алдын алу жолдары..

    kostanai-zhangeldi-zharkol·
    Тамақтан уланудың алдын алу жолдары..

    Азықтан уланудың алдын алу жолдары.

    Азықтан улану жылдың кез келген мезгілінде болады. Уланудың негізгі себебі - өнімдердің сақтау мерзімін және дайын тағамдарды сақтау шарттарын сақтамау. Балық, ет тағамдары, майонез және жұмыртқа қосылған салаттар, сүт тағамдары, жұмсақ ірімшік түрлері, ақуызды кремі бар торттар үстелде 4 сағаттан астам немесе тоңазытқышта 2 күннен астам қалса, іштей бұзылып, ауыр улануға әкелуі мүмкін. Азықтан улануды тудыратын алты түрлі бактерия бар: ішек таяқшасы (шикі сүт және шикі ет); моноцитогенді листериялар (шикі жемістер, құс еті, жұмсақ және қатты ірімшіктер); ботулизм (нашар өңделген консервіленген көкөністер мен ет); патогенді клостридиялар (60 градустан төмен температурада дайындалған етте немесе балықта пайда болады); сальмонелла (жұмыртқа, пастеризацияланбаған сүт); стафилококк (тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерін сақтамағанда пайда болады). Алдын алу шаралары: үй өнімдерін сатып алмаңыз, белгіленген емес жерлерде сатылатын дайын өнімдерді пайдаланбаңыз; дайын тағамдарды, қаймақ немесе майонез қосылған салаттарды бір тәуліктен астам сақтамаңыз; майонез немесе соус қосылмаған туралған салаттарды 2 күн бойы сақтауға болады; торттар мен пирожныйлар тоңазытқышта 3 күннен астам сақталмайды; мерекелік тағамдарды үйде дайындағанда, ең алдымен, гигиена ережелерін сақтаңыз, бөлменің тазалығына назар аударыңыз; тамақ дайындау кезінде қолды жиі жуыңыз, қажет болса, ас үй жабдықтарының бетін сүртіңіз; өнімдерді дұрыс сақтау кезінде шикі және дайын өнімдерді тоңазытқыштың бір сөресінде сақтамаңыз; Егер сіз мерекелік тағамдарды бірден дайындағыңыз келмесе, шикі етті тоңазытқышта сақтаған дұрыс; сонымен қатар, мерекелік тағамдарға арналған етті, жұмыртқаны, басқа ингредиенттерді қуыру, қайнату үшін қажетті дұрыс температура мен уақытты сақтау өте маңызды;

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.