2026 жылдың 12 шілдесінен бастап медициналық цифрлық жүйенің болуы міндетті болады.

    dkmfk-atyrau·

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын толық цифрландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын біліктілік талаптарына өзгерістер енгізгенін хабарлайды.
    2026 жылғы 12 шілдеден бастап денсаулық сақтау субъектілері үшін міндетті біліктілік талабы ретінде пациенттердің дербес медициналық деректерін жинауды, өңдеуді және сақтауды қамтамасыз ететін, қолданыстағы медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес электрондық медициналық жазбаларды қалыптастыруға арналған медициналық цифрлық жүйенің (МЦЖ) болуы енгізіледі.
    Медициналық цифрлық жүйенің болуы лицензияны (немесе лицензияға қосымшаны) алу кезінде, сондай-ақ профилактикалық бақылау және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру барысында тексерілетін болады.
    Сәйкестікті растау үшін МЦЖ жеткізушісімен жасалған шартты ұсыну және жүйенің өндірістік базада жұмыс істеу қабілетін көрсету қажет.
    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін 22 медициналық цифрлық жүйе жеткізушісі тіркелген. Медициналық ұйымдар жеткізушіні дербес таңдап, қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
    Медициналық цифрлық жүйелерді енгізу пациенттердің өз медициналық деректеріне онлайн режимде қол жеткізуін қамтамасыз етуге, диагностика мен емдеу сапасын арттыруға, қағаз құжат айналымын қысқартуға және медициналық көмек көрсету үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.