Шетелдік студенттерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Шетелдік студенттерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ студенттерімен «Шомылу маусымындағы қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға Үндістаннан келген 320 шетелдік студент қамтылды.

    Іс-шара барысында құтқарушылар жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып, су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды. Қатысушыларға суда өзін-өзі ұстау ережелері, жабдықталмаған жерлерде шомылудың қауіптілігі және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
    Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі тақырыбы қозғалып, студенттерге өрттің алдын алу талаптары, өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмі, сондай-ақ ғимараттар мен жатақханалардан эвакуациялану тәртібі туралы ақпарат берді.
    Мұндай профилактикалық шаралар жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға ықпал етеді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.