
Сандықтау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Жылқыбаев аудандық бөлімдердің, қызметтер мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес басталар алдында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабының 1-тармағына және 30-бабының 1-тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Асқар Есымбаевтың тағайындалғанын хабарлады.
Күн тәртібінде ағымдағы мәселелер қаралды.
Аппараттық кеңестің қорытындысы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы ауылдық округ әкімдері мен ұйым басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.



