
Абай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу мен сақтау фактілері жолын кесу мақсатында тұрақты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бері өңірде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 148 фактісінің жолы кесілді.
Оның ішінде:
алкоголь өнімдерін рұқсат құжаттары жоқ сату;
заңда белгіленген сату тәртібінің бұзылуы;
өнімнің шығу тегін растайтын құжаттардың болмауы;
сақтау және сату кезінде өнімнің сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі.
Нәтижесінде, заңсыз айналымнан жалпы 2 350 литр алкоголь өнімдері тәркіленді. Бұл шаралар қоғамдағы қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.
Абай облысы Полиция департаменті алкоголь өнімдерінің заңсыз сатылуына қарсы күресті тұрақты түрде жүргізуде. Рейдтік тексерістер сауда орындарына, қоймаларға, қоғамдық тамақтану нысандарына және алкоголь өнімдерін сататын кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталады. Сонымен қатар, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге заң талаптарын сақтаудың маңызы түсіндіріліп, ескертулер жасалады.
Полицияның айтуынша, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу – бұл тек әкімшілік іс-қимыл ғана емес, сонымен қатар қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың денсаулығын қорғаудың негізгі кепілі.



