
Senat Open – 2026» III ашық кубогының жартылай финалдық кезеңі Маңғыстау облыстық мәслихаты мен Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан бұл жоба - шахмат спортын кеңінен дәріптеуге, қоғам белсенділерін біріктіруге және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Биылғы турнир жаңартылған форматта өткізілуде және ол түрлі кәсіби сала өкілдерін: депутаттар, мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлері, ғылым және білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары салаларының өкілдерін қамтыды.
Жартылай финалдық кезеңге Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында өткен іріктеу және облыстық кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.
Құқық қорғау және күштік құрылым қызметкерлері арасынан
Бисенғалиев Ғабит- І орын;
Мемлекеттік қызметшілер, ұлттық компания қызметкерлері арасынан
Әбдірахманов Батыржан – ІІ орын
Лұқпанов Бекзат –ІІІ орын;
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасынан
Қошқарбаев Асқар – ІІ орын;
Финалға жолдама алған қатысушылар
Барлыбайұлы Ержан, Шаймардан Тұрар, Мәукенов Артур, Нұрлыбеков Айбек, Қоразов Айболсын, Серіков Жасұлан.
Осымен үшінші рет өткізіліп жатқан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Іссапар аясында Атырау облыстық мәслихатының Әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бақыт Каметов, аппарат басшысы Ержан Барлыбайұлы Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесіп, өңірлер арасындағы өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық бастамаларды қолдау және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ой бөлісті.
Батыс аймақтық «Senat Open» III ашық кубогының жартылай финалын жоғары деңгейде ұйымдастырып, бұқаралық спортты дамытуға және өңіраралық ынтамақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.



