
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні аясында Абай облысының полицейлері джиу-джитсу спортшыларымен кездесу өткізіп, арнайы дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына, өміріне және болашағына тигізетін зияны туралы кеңінен түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Полицейлер есірткіге қарсы күресте спорттың рөлі ерекше екенін айтып, спортпен шұғылдану – тәртіпке, жауапкершілікке және мықты рухқа бастайтын жол екенін жеткізді.
Джиу-джитсу спортшылары да өз ойларын ортаға салып, спорттың зиянды әдеттерден сақтайтын маңызды құрал екенін айтты. Кездесу барысында қатысушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткі айналымына қатысты заң бұзушылықтардың салдары нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың санасына оң әсер етіп, салауатты өмір салтын насихаттауға және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.



