Алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасынан айыра жаздады: Абай облысында полицейлер пәтер сатылуының алдын алды

    mvd-abay·
    Алаяқтар зейнеткерді жалғыз баспанасынан айыра жаздады: Абай облысында полицейлер пәтер сатылуының алдын алды

    Абай облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі алаяқтық әрекеттің алдын алды. Оның құрбаны болуға 67 жастағы өңір тұрғыны шақ қалған.
    Мониторинг және жедел жұмыстар барысында полицейлер әйел адамның өз пәтерін нарық бағасынан едәуір төмен бағаға шұғыл сатпақ болғаны туралы ақпарат алған. Тексеру нәтижесінде зейнеткердің алаяқтардың психологиялық ықпалымен әрекет еткені анықталды.

    ❌

    Қаскөйлер манипуляция мен алдау тәсілдерін қолдана отырып, әйелді жалғыз баспанасын сату жөніндегі келісімге көндірген. Полицейлер кірісіп жатқан сәтте пәтерді сату бойынша алдын ала келісімшарт та дайын болған.

    Киберполиция қызметкерлерінің дер кезінде әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында алаяқтық схема тоқтатылып, тұрғын үйдің сатылып кетуіне жол берілмеді.
    Полицейлердің айтуынша, соңғы уақытта алаяқтар психологиялық қысымның күрделі тәсілдерін жиі қолданып, азаматтарды асығыс шешім қабылдауға, несие рәсімдеуге, ақша аударуға, тіпті жылжымайтын мүліктерін сатуға итермелеуде.

    ⚠️

    Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды жылжымайтын мүлікке қатысты кез келген операция кезінде барынша сақ болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға сенбеңіздер, қысыммен шешім қабылдамаңыздар, міндетті түрде туыстарыңызбен, заңгерлермен және мамандармен кеңесіңіздер.

    Алаяқтықтың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыздар.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.