«Біз нашақорлыққа қарсымыз» және «Жол ережесін сақтаймыз»

    «Біз нашақорлыққа қарсымыз» және «Жол ережесін сақтаймыз»

    Үлкен Нарын аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудандық полиция бөлімінің қатысуымен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында жазғы демалыс лагерінде балаларға арналған «Біз нашақорлыққа қарсымыз» және «Жол ережесін сақтаймыз» атты эстафеталық жарыс пен сурет байқауы өткізілді.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері балаларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, қызметтік автокөлікпен таныстырды.
    Аталған іс-шара балалардың қызығушылығын арттырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануға, заң мен тәртіпті құрметтеуге деген ынтасын оятты.
    Байқау қорытындысы бойынша «Көңілді эстафета» сайысында үшінші орынды «Достар» командасы, екінші орынды «Қазақ рухы» командасы, бірінші орынды «Тұран-1» командасы иеленді.
    Ал сурет байқауында үшінші орынды «Тұран-1» командасы, екінші орынды «Достар» командасы, бірінші орынды «Қазақ рухы» командасы жеңіп алды.
    Сонымен қатар, байқау аясында аудандық прокуратура мен полиция бөлімі бірлесіп балаларға жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық әңгіме өткізді.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.