Тараздық өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді

    emer-zhambyl·
    Тараздық өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді

    Бүгін Жамбыл облысының 112 пультіне Тараз қаласындағы Аққозиев көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері техникалық қызмет көрсету станциясының боксында жеңіл автокөліктің жанғанын, кейіннен өрттің бокс ғимараты мен көршілес асхананың шатырына таралғанын анықтады. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар көлемі 50 литр болатын 1 газ баллонын және 5 оттегі баллонын дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупін болдырмады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ️ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады! @emergovkz /t.me /insta /tiktok /youtube

    Жамбыл облысы ТЖД

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.