Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «BaiQymyz – 2026» аймақаралық этно-гастрофестивалі ұлттық құндылықтарды дәріптеген ауқымды мәдени оқиғаға айналды.
Сарыарқаның көшпелі мәдениетін, қымыз өндіру дәстүрін және жылқы шаруашылығын насихаттауға бағытталған фестивальге Қазақстанның әр өңірінен 37 қымыз өндіруші қатысып, «Ең үздік қымыз» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады.
Фестивальге 20 мыңнан астам көрермен жиналып, қонақтарға 30 тонна қымыз ұсынылды. Этноауыл аумағында қолөнершілер мен фермерлер көрмесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, этномәдени бағдарламалар мен ат спортына қатысты таныстырылымдар ұйымдастырылды.
Мәдени кештің сәнін Қазақстанның танымал өнерпаздары – Қайрат Баекенов, Ұшқын Жамалбек, Өзгеріс Шерікбай, Еркебұлан & Бауыржан, «ARKAIYM» тобы, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ұжымдар келтірді.
BaiQymyz» аймақаралық қымыз байқауының жеңімпаздары
1-орын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылы, «Мұхамед-Әли» ЖК — 5 000 000 теңге
2-орын — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тоқпан ауылы, «Тоқпан қымызы» («Бақтияр» ШҚ) — 3 000 000 теңге
3-орын — Ұлытау облысы, «Жаңаарқа» қымызы («Қасымов А.Т.» ЖК) — 1 500 000 теңге
Номинациялар
«Алтын күбі» номинациясы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Босағаның қымызы» («Айтжан» ШҚ) — 500 000 теңге
«Алтын саба» номинациясы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңанегіз ауылы, «Kymyz Bek» («Байшеева» ЖК) — 500 000 теңге
«Алтын шара» номинациясы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Sarybel» қымызы («Шыныбай» ШҚ) — 500 000 теңге
«Дәстүр сақтаушы» номинациясы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Тағалы» қымызы («220Volt» ЖК) — 300 000 теңге
«Үздік дизайн» номинациясы
Солтүстік Қазақстан облысы, «Ramadan Qymyz» («Күлболдина» ЖК) — 300 000 теңге
«Қымыз серті» номинациясы
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «Теректінің текті қымызы» («Мағұрыпова Г.М.» ЖК) — 300 000 теңге
Нәтиже сүт фабрикаының «Дәм мен маркетинг» номинациясы бойынша ынталандыру сыйлығы
(әрқайсысына 250 000 теңгеден)
•Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы — «Qara Kush»
•Қарағанды облысы, Нұра ауданы — «Ефремов» қымызы
•Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — «Жеке Батыр»
•Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — «Еділ»
•Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — «Erlan Farm»
•Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы — «Әжемнің қымызы»