Токиода «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелері таныстырылды

    mfa-tokyo·
    Токиода «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелері таныстырылды

    Токио, 2026 жылғы 15 маусым - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның Энергетика экономикасы институтының Төрағасы Тацуя Теразавамен кездесу өткізді.

    Елші Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 22-24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қабылданған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының «Орталық Азияның экологиялық ынтымақтастығы» декларациясының негізгі ережелерін таныстырды. Ол сұхбаттасушыны өңір елдерінің климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және қоршаған ортаның ластануына қарсы күреске бағытталған бірлескен күш-жігерімен таныстырды.

    Өз кезегінде Т.Теразава жаһандық нарықтардағы тұрақсыздық жағдайында Жапонияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтті. Ол жапон тарапының энергетикалық және климаттық күн тәртібінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде уран өндірісін дамыту, маңызды шикізат минералдарын игеру және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша толық ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдірді. Қазақстанның жоғары экономикалық әлеуетін атап өткен сұхбаттасушы тек шикізат саласымен шектелмей, жапондық технологияларды тарта отырып, шикізатты терең өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару саласындағы кооперацияны белсендіруге шақырды.

    Сондай-ақ, тараптар Жапонияның Энергетика экономикасы институты әзірлеген Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі жол картасының іске асырылуын талқылады. Бұл құжат жапон бизнесі үшін климаттық инвестициялардың келешегін бағалауда, төмен көміртекті технологияларды енгізуде және энергетикалық көшім бойынша ынтымақтастықты дамытуда маңызды бағдар болып табылады.

    Сонымен қатар, Елші Е.Баударбек-Қожатаев ү.ж. 12 маусымда Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Кентаро Доимен өткен кездесудің қорытындысы бойынша декарбонизация, «жасыл» технологияларды дамыту және бірлескен климаттық бастамаларды іске асыру мәселелеріндегі Қазақстан мен Жапония ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы ақпарат берді. К.Дои Токионың климаттық күн тәртібі бойынша Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға мүдделілігін растап, бұған дейін Астанада өткен 2026 жылғы Өңірлік экологиялық саммитке қатысқанын атап өту қажет.

    Анықтама: 1966 жылы Токиода негізі қаланған Жапонияның Энергетика экономикасы институты жаһандық энергетика, экология және климаттық саясат саласындағы зерттеулерге маманданған әлемдегі жетекші талдау орталықтарының бірі болып табылады.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.