
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында
2026 жылғы 15 маусымда Леденев ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің аппараты, Қоғамдық кеңес және учаскелік полиция инспекторы бірлесіп, округтің жалғыз тұратын тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, банк карталары мен интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ белгісіз тұлғалардан келетін қоңыраулар мен хабарламаларға қатысты сақтық шараларына ерекше назар аударылды.
Іс-шара қатысушыларына алаяқтық әрекеттердің алдын алу және цифрлық кеңістіктегі жеке қауіпсіздікті сақтау бойынша ұсынымдар берілді.



