Ақмола облысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг басталды

    control-aqmola·
    Ақмола облысында мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг басталды

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026–2027 оқу жылына мектептердің дайындығына мониторинг жүргізуді бастады.

    Мониторинг барысында интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру объектілерін бейнебақылау жүйелерімен, турникеттермен, күзетпен және өрт дабылы жүйелерімен жабдықтау, оқу кабинеттерінің, спорт залдарының және кітапханалардың жарақтандырылуы, тамақтану объектілері мен санитариялық тораптардың болуы, 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру және инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі мәселелері зерделенуде.

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.