Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының 2026 жылғы 15 маусымдағы №3-Ш шешімі

    maslihat-turkestan·

    Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

    мәслихатының кезекті жиырма үшінші

    сессиясын шақыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 24 маусымда сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясы шақырылсын.

    Облыстық мәслихаттөрағасы Н. Әбішов

    ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

    Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

    халқының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясының 2026 жылғы 24 маусымда сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 24 маусымда сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

    Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

    1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;
    2. Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    3. Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    4. Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    5. Түркістан облысының дін істер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    6. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    7. Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    8. Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    9. Түркістан облысы Кентау қаласы әкімінің 2025 жылы қалаға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
    10. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
    11. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы №17/241-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    12. «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    13. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/274-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    14. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    15. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;
    16. «Түркістан облысы 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/270-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    17. Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/277-VIIІ «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    18. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
    19. «Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163 қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
    20. Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы;
    21. Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №17 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесін сайлау туралы;
    22. Түркістан облыстық мәслихат аппаратының құрылымы туралы;
    23. «Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/281-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    24. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

    Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

    Облыстық мәслихаттөрағасы Н. Әбішов

    Дереккөз

    Ұқсас материалдар

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.